Елбасы, Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жана жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» халыққа Жолдауын жастар арасында насихаттау,сонымен қатар жастардың саяси сауаттылығын арттыру мақсатында 2015 жылы 26 желтоқсанында Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» Жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп колледжде облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді.Қазақ тілінде өткізілген турнирге 8 колледжден 54 команда қатысты.Турнир қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Абдиалимова Гульмира және Садуакасова Сабина Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің 1 курс білімгерлері иеленді.