Информация к новости
  • Просмотров: 255
  • Автор: jameco
  • Дата: 15-02-, 06:54
15-02-, 06:54

Мамандықтың бәрі жақсы

Категория: Жаналыктар, Казахский

Мамандықтың бәрі жақсы.

Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы керек. Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті- ақсақтаған арманының ең бірінші баспалдағы.Мамандық таңдаған соң, сол кәсіптің білгірі болу шарт.
Ағымдағы жылдың 12 ақпанында колледж білім алушылары «Қазақстан-Тараз» облыстық телеарнасының үздік тележурналистерімен кездесті.Олар журналист Садуақас Алмат-«Қайырлы таң Аулиеата» бағдарламасының жүргузушісі және Рыспек Лаура «Ақпарат-басты жаңалықтар» бағдарламасының диктор - редакторы.
Журналистика- әр адамның қолынан келе бермейтін, ерекше дарын мен төзімділікті, жігерлік пен еңбекқорлықты талап ететін мамандық.Бұл сала қызық пен шыжыққа толы. Журналист халықты тәрбиелеуші, үгіт – насихат айтушы.Әр елдегі төртінші билік иесі.
Алмат өз сөзінде:- «Журналистің басты мақсатының бірі-халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалу.Нағыз журналист-еліне еңбек етіп, халқына дұрыс жол көрсетіп,бағыт-бағдар беруші адам.Маған осындай адам болу ұнайды»-деп бөлісті.
-Журналистиканы неге таңдыңыз деген сураққа,Рыспек Лаура былай деп жауап берді: -«Журналистика - өте қызықты, жауапкершілік пен мол еңбекті қажет ететін мамандық. Бұл мамандық адам бойындағы бүкіл өнерін, қабілетін, жақсы қасиеттерін ашуға көмектеседі. Ал ең бастысы-халқымыздың ойына, көзқарасына әсер ететін кәсіп. Сол үшін журналистиканы таңдадым.Мен үшін журналистика-ең ұлы, ең қастерлі мамандық.Қаншалықты жолы ауыр, қуанышынан қиындығы көбірек болса да, бұл менің таңдауым».
Медиа қызмет

Мамандықтың бәрі жақсыМамандықтың бәрі жақсыМамандықтың бәрі жақсыМамандықтың бәрі жақсы
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Навигация

Негізгі
Байланыс
Skype хабарласу

Байланыс

Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Пушкин көшесі 154