Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні.Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі.Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжі де Наурыз мерекесін жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған.
Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде өткен «Үлкен ел-үлкен отбасы» атты фестивальға 500-ге жуық көрермен мен білімгер қатысты. 1 мен 2 курс білімгерлерінің және олардың ата-аналары арасында тартысты сайыстарда ән, би тақырыптық қойылымдар орындалып көрермен көңілінен шықты.
Сайыс үш кезеңнен турды:1. Қазақстан, Қазақ елі туралы, патриоттық немесе халық әнін айту; 2.Қазақ, үйғыр,өзбек, кавказдық ұлттардың биін орындау;3.«Үлкен ел-үлкен отбасы» тақырыбында сахналық қойылым - көп ұлттан құрылған мемлекетіміздің бірлігін,ынтымағын, бір-біріне деген құрметін көрсету.
Үлкен мереке жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен аяқталды.Сайыс қорытындысы бойынша ГранПри 2Д тобының ата-аналары жеңіп алды, жүлделі І орынды-2А тобы иеленді, ІІ орын-1А және ІІІ орынға – 1С1 тобы ие болды.
Меди қызмет