“Білім-инновациялық” халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Білім-инновация ” лицей оқушылары арасындағы Республикалық волейбол турнирі кезінде Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің білімгерлері тамаша ойын өрнегімен көрермендерді тәнті етіп, І-орынды иеленді. Команда құрамында: Парахат Қанат, Қадірқұлов Бауыржан, Рысбай Сұлтан, Беркінбай Мейірлан, Әбішев Нұрлыхан, Дүйсен Бекнұн, Ердалиев Еділ, Серікхан Әділет, Мұталған Рахат.