Ағымдағы жылдың 20-21 қараша аралығында «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының жастар Салауатты өмір үшін «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы қаласында қыз-балаларға арналған қазақ-түрік лицейлерінің 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық волейбол жарысы өткізілді.
Жарысқа колледжіміздің қыздар волейбол командасы қатысты.Сегіз қыздан құрылған команда бірінші партиядан бастап жоғары дәрежелі ойын көрсетіп алға шықты. Қазақстанның барлық аймағынан волейбол жарысына келген командалар қызықты да тартысты ойын көрсетті.
Нәтижесінде Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің волейбол қыздар командасы волейбол турнирі кезінде тамаша ойын өрнегімен көрермендерді тәнті етіп І жүлделі орынға ие болып Чемпион атанды.Ал команда капитаны Қуандық Нұрдана нәтижелі соққыларымен көзге түскен үшін «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша жүлдесімен марапатталды.
Жарайсындар қыздар, жеңіс құтты болсын!
Медиа қызмет.


