ІІІ облыстық «Студенттік балл-2015»
Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз.
Облыстық білім басқармасы Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 30 қарашасында Тұнғыш Президент күніне орай, ІІІ облыстық «Студенттік балл-2015» мерекелік кеші өткізілді.Студенттік балға облысымыздың жетістіктері зерделеніп, іріктелініп 100 білімгер шақыру алды. Оның ішінде колледжімізден 11 студент балға қатысу құрметіне ие болды. Олар: Бахытжанов Алмазхан, Әлмахан Жансая, Мұсаев Еркебұлан, Жұмабек Айсултан, Бөлегенов Абылай, Былташева Жания, Амантаева Жансая, Тілеуқұлова Айгерім, Абулхаирова Жазира, Мырзагелды Серік, Сартаева Әсел.
Іс-шара аясында 10 номинация бойынша және «Жыл студенті-2015» байқауы өткізілді.Нәтижесінде колледжіміздің 3 курс білім алушысы Сартаева Әсел Жамбыл облысы әкімі К.Көкрекбаевтың «Алғыс хатымен»,Абулхаирова Жазира және Тілеуқұлова Айгерім облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Құралбаевтың «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді.
Болашағы зор айбынды Қазақстанның сенім артар азаматтары-асқақ рухты, білімді де білікті жастардың қолында.
Медиа қызмет








