Информация к новости
  • Просмотров: 392
  • Автор: jameco
  • Дата: 9-02-, 11:13
9-02-, 11:13

«Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі»

Категория: Жаналыктар, Казахский

«Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі»

Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз.Отбасы-қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы - әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала келін болғанда да сол әдетін сақтайды.
Қазіргі кезде ибалы қыздарымыздың арасындағы келеңсіз жағдайлар кейбір білім беру мекемелерімізде оқу-тәрбие жұмыстарына кесірін тигізіп жатқаны рас. Жақында тастанды бала туралы оқиға қоғамды дүрліктірген болатын. Қазақ халқына жат нарсе, бүгінгі күні осындай келеңсіз жағдайлар көбейіп, алаңдатарлық жағдайға салып отыр.
Ағымдағы жылдың 8 ақпанында колледжімізде «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты Тараз қаласының мәслихат депутаты, қалалық ата-аналар кеңесінің төрайымы, «Жамбыл-Тараз» облыстық газетінің бас редакторы, журналист Эльмира Мырза-Ғали мен кездесу өткізілді.Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Жексембаева Жансая Кенжеқызы қатысты.
Эльмира Мырза-Ғали сөз басын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірігейі де-біздің қазақ» - деген пікірінен бастады.
Әдептілік, инабаттылық, сыйласу қонақ күту жағынан халқымыз алдына жан салмаған.Әр-бір қыз өз шаңырағын көтеріп жар болып, келешек ана болады.
Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдемліктің, жан-жақты сұлулықтың рәмізі ретінде қолданылады.«Қыз болашақ ана», «Қыз өссе елдің көркі,гүл өссе жердің көркі», «Әйелдері тәрбиелі болған халық-тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық-тәрбиесіз»,«Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы».Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анансы.Олардың бойында имани тәрбие болғанын қалаймын.Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз деп қорытындылап Эльмира Мырза-Ғали қыз балалардың сұрақтарына жауап берді.

Медиа қызмет
«Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі»
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Навигация

Негізгі
Байланыс
Skype хабарласу

Байланыс

Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Пушкин көшесі 154