Қазақстан Респубикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің ұйымдастыруымен 25-желтоқсан күні сағат 9:00 «Колледж директоры кубогі» үшін «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты студенттер арасында облыстық пікірсайыс турнирі өтті.
Турнир мақсаты-жастарды қоғамдағы өзекті мәселелерді қарастыруға,пікір алмасуға шақыру,облысымыздағы пікірсайыс қозғалысын дамыту.Жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін арттыру,рухани-адамгершілік қасиеті қалыптасқан,өзін-өзі жетілдіре алатын тұлғаны тәрбиелеу.