Информация к новости
  • Просмотров: 112
  • Автор: jameco
  • Дата: 27-12-, 06:44
27-12-, 06:44

Тәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығым

Категория: Жаналыктар, Казахский

Тәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығым
Қазақстан Респубикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің ұйымдастыруымен 25-желтоқсан күні сағат 9:00 «Колледж директоры кубогі» үшін «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты студенттер арасында облыстық пікірсайыс турнирі өтті.
Турнир мақсаты-жастарды қоғамдағы өзекті мәселелерді қарастыруға,пікір алмасуға шақыру,облысымыздағы пікірсайыс қозғалысын дамыту.Жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін арттыру,рухани-адамгершілік қасиеті қалыптасқан,өзін-өзі жетілдіре алатын тұлғаны тәрбиелеу.
Турнирге 20 фракция қатысты.Облысымыздың командаларынан бөлек Алматы , Астана,Шымкент,Павлодар қалаларынан пікірсайысшылар қатысты. Турнирдің қорытындысы бойынша,Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің «ІІ дәстүрлі директор кубогін» және І орынды Тараз Мемлекеттік Университеті «Филин» фракциясы иеленді. ІІ орынды Алматы қаласының «Нағыз қылмыскерлер» фрациясы иеленсе,ІІІ орынды Алматы қаласының «ЖЖ-ға махаббат» фракциясы иеленді.Турнирдің «Үздік спикері» Жаналиев Сағат атанса, «Үздік төреші» номинациясымен Жолдыбай Бек марапатталды. Турнирдің бас төрешіжұмысын атқарған колледжіміздің 2-курс білімалушысы Муратбаев Каныбек.
Жылдың ең соңғы турнирі,ерекше ережемен,көтеріңкі көңіл-күймен жоғары деңгейде өтті.
Медиа қызмет

Тәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығымТәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығымТәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығымТәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығымТәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығымТәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығымТәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығымТәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығым
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Навигация

Негізгі
Байланыс
Skype хабарласу

Байланыс

Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Пушкин көшесі 154