Колледж білім алушылары Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті.
Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің білім алушылары 2014 жылдың 4 маусымында Тұнғыш Президент саябағында «Рәміздерім мақтанышым» атты ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жастар акциясына қатысты.
Қазақстан Республикасының Гимні бір мезгілде орындалып патриоттық флеш-моб өткізілді.
Мемлекеттік рәміздер – мемлекетте тұратын халықтың құндылықтарының, мақсаттарының, басымдықтарының және тарихының айнасы. Мемлекеттік аренада бізді рәміздер арқылы таниды.
Егемендіктің ең басты белгісі-Тәуелсіз елдің нышандары. Оларға құрмет көрсету-өзіңнің елдігіңді бағалау, Тәуелсіздігіңді ұлықтау.
Рәміздер күні-барша қазақстандықтардың елге деген мақтанышын және жастарда патриотизм мен азаматтық сезімді оятатын мереке. Жастар акциясы – Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік концертпен аяқталды.
Сонымен қатар колледж ұжымы мен білім алушылар салтанатты түрде 4 маусым күні сағат 10.00-де мамлекеттік Гимнін бір мезгілде орындап, еліміздің ұлттық нышандары, тарихы туралы видео-слайдтары мен танысты.