Информация к новости
  • Просмотров: 5854
  • Автор: jameco
  • Дата: 23-05-2014, 08:19
23-05-2014, 08:19 Колледж туралы

Категория: Казахский

Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің 1993 жылдан бері білім беріп келеді. Білім ордасында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің бекіткен бағдарламасы бойынша заманауи кәсіптік-техникалық білім беріледі.
Бүгінгі таңда колледжде 36 оқытушы қызмет етеді, олардың 47% -ы жоғары және бірінші санатты оқытушылар, екеуі - магистр және біреуі - Қазақстан Респуликасының білім беру ісінің үздігі.
Колледж экономика саласы бойынша мына мамандықтарды дайындайды.
0513000-маркетинг
0515000-менеджмент
0518000-бухгалтерлік есеп және аудит
0512000-аударма ісі
Аталмыш мамандықтар бойынша бүгінгі күнде 311 студент білім алады. Олардың ішінде 225 білімгер облыстық бюджет есебінен білім алса, ал 86 студент ақылы негізде оқиды. Колледже ашық спорт алаңы, спорт зал, тренажер зал бар.
Колледждің материалды-техникалық базасы жыл сайын жаңартылып отырады. Барлық жағдайы жасалған, заманауи жиһаздармен жабдықталған: 300 орындық жатақхана, 200 орындық акт залы, білімгерлерді 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ететін кең де жарық асхана да білімгерлер игілігі үшін қызмет етеді.
Сондай-ақ колледж ақпараттық-технологиялық құрылғылармен де заман талабына сай жарақтандырылған. Оқу кабинеттері мультимедиялық технологиялармен, интерактивті тақтамен жабдықталған. Колледж WI-FI сымсыз желілік интернетке қосылған. Барлық мамандық саласы бойынша бүгінгі күн талабына сәйкес компьютерлік бағдарламалар оқытылады
Информация к новости
  • Просмотров: 817
  • Автор: jameco
  • Дата: 23-05-2014, 08:02
23-05-2014, 08:02 Қазақстан студенттер альянсының колледжішілік акциясы

Категория: Английский

Күнтүзбеде білім алушылар арасында ребус шешу, домбыра тарту жарысы, стамина ойыны және "Қалың қалай студент? " сауалнамасы, "Сатушысыз жәрмеңке" акциясы өтеді.
Информация к новости
  • Просмотров: 483
  • Автор: jameco
  • Дата: 23-05-2014, 07:58
23-05-2014, 07:58 College visited the Vice Prime Minister G.Abdikhalikova and Minister of Education and Science A.B.Sarynjipov.

Категория: Английский

College visited the Vice Prime Minister G.Abdikhalikova and Minister of Education and Science A.B.Sarynjipov.

On 3 March 2014 Jambyl kazakh-turkish college of economics visited the Vice Prime Minister G.Abdikhalikova and Minister of Education and Science A.B.Sarynjipov. Visitors gave a positive assessment to innovative technique of teaching, educational process and achievement of teachers and college students.
Информация к новости
  • Просмотров: 506
  • Автор: jameco
  • Дата: 23-05-2014, 07:56
23-05-2014, 07:56 Guest of collages

Категория: Английский

Visit of the regional mayor K.N.Kokrekbaev in JKTKE

On 3 February 2014 mayor of Jambyl region K.N.Kokrekbaev acquainted with the work of the Jambyl kazakh-turkish college of economics. During the visit regional mayor was told about the educational process, technique of teaching, applied innovation technologies, upbringing process and the achievements of the college. With work of college mayor of the region was satisfied.
Информация к новости
  • Просмотров: 546
  • Автор: jameco
  • Дата: 23-05-2014, 07:05
23-05-2014, 07:05 Астанада өткен жас ғалымдар байқауында үлкен жетістікке жетті

Категория: Казахский

Бәрінен алға болу үшін, жақсы оқу керек ! Астанадан жеңісті грантпен оралды

Қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің білім алушылары Республикалық Жас жасампаздар Жоба жарысы байқауының грантын жеңіп алды. 2014 жылдың 5-6 мамыр аралығында Астанадағы «Нұр Орда» қазақ-түрік лицейінде «KATEV» халықаралық қоғамдық қорының ЕХРО – 2014 көрмесінің аясында ұйымдастырылған Жас жасампаздар Жобасының Республикалық байқауы аяқталды.
YIPC байқауы ҚР Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Ортақ мақсат, ортақ көзқарас, ортақ болашақ» Жолдауын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған және жастардың зертеушілік қабілеттерін дамытып, инновациялық технологияларды ғылыми жобаларды дайындауда оқып-үйренуге бағытталған.
Байқаудың негізгі мақсаты – жастарды өз беттерінше ізденуге, еңбекқорлыққа, тәртіпке, теориялық алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, өз ойларын нақты жеткізе білуге, қоғамдық – әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған зерттеу жобаларымен айналысуға, өз елінің дамуына және болашағының жарқын болуына өз үлестерін қосуға үйрету.
Жас жасампаздар Жоба жарысы байқауы 4 бағытта жүргізілді : энергияның балама көздері, қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, жаратылыстану ғылымдары бағыты, гуманитарлық ғылымдар бағыты.
Дайындалған жобалар жыл бойы зерттеліп, тек үздіктері ғана ақтық байқауға жолдама алды. Байқауға Қазақстанның әр аймағынан 1000 жұмыс ұсынылды, оның ішінен 437 жұмыс іріктеліп, тек 100 жұмыс ғана ақтық сайысқа өтті.
Қазақ – түрік экономикалық колледжінен жіберілген 47 жобаның ішінен 3 жоба іріктеліп алға шықты.
Білім алушылар жұмысын екі күн бойы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері, Назарбаев университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессорлары мен оқытушылары бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша әр бағыттың жеңімпаздары анықталды. Қазақ – түрік экономикалық колледжінің білім алушылары Әбілқайырова Жазира және Тілеуқұлова Әйгерім қоғамдық-әлеуметтік бағыт бойынша бірінші орын мен 125 мың теңге грантын жеңіп алды, жетекшілері – экономика пәнінің оқытушысы Шагирова Жұлдызға да оқушыларын дайындағаны үшін 125 мың теңге гранты берілді. Осы оқу орнының білім алушылары Уалиева Ғалия мен Шындалиев Ғани да қоғамдық-әлеуметтік бағыт бойынша екінші орын және 100 мың теңге грантын ұтып алды, ғылыми жобаның жетекшісі –экономика пәнінің оқытушысы Иманов Ерланға да оқушыларын дайындағаны үшін 100 мың теңге гранты берілді.
Жас жасампаздар Жоба байқауынан оралған қазақ-түрік экономикалық колледжі командасының жетекшісі Шагирова Жұлдыз біздің қойған сұрақтарымызға жауап берді:
-Бұл байқау сізге не берді ? Байқаудан кейінгі сіздің болашақтағы жоспарларыңыз?
-Әрине, бұл жобаға қатысу бізді көп нәрсеге үйретті. Жобаға қатыса отырып басқа қатысушылардың бізден қандай деңгейде екенін, өзіміздің қандай әлсіз жақтарымыз бар екенін байқай отырып, өз күшімізді бағалауға, оқушылардың білім деңгейін тексеруге мүмкіндік берді.
Біздің бірінші орынды жеңіп алуымыз дұрыс бағытта жүріп келе жатқанымызды және босқа еңбектеніп жүрмегенмізді, яғни, еңбегіміздің жемісін көрсетті. Енді жоспарға келетін болсақ, бұл байқау менің оқушыларымның қызығушылығын арттыра түсті, қазақстандықтардың әлеуметтік деңгейін көтеруге бағытталған жаңа жобаларды жасауға деген ынтасын тудырды, -дейді Жұлдыз апай.
Республикалық байқаудың салтанатты жабылуы Қазақстан Республикасының гимнің орындалуымен басталды, республикалық «Дарын» ғылыми –практикалық орталығының директоры Ақжол Боранбаев сөз сөйледі. Ол халықаралық «КАТЕV» қорының басшылығына алғысын білдіріп, қатысушыларды құттықтады. Байқау жеңімпаздары «КАТЕV» ХКҚ-ның медальдары және І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталынды. Бас жүлде жеңімпаздарына және олардың оқытушыларына ақшалай сертификаттар берілді.
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің вице-президенті Ахметов Берік 16 жеңіпазға білім грантын тапсырды. Іс шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.
Информация к новости
  • Просмотров: 458
  • Автор: jameco
  • Дата: 23-05-2014, 07:00
23-05-2014, 07:00 ЖҚТЕЭК-де Наурыз мерекесінің тойлануы

Категория: Казахский

ЖҚТЕЭК-де Наурыз мерекесінің тойлануы

2014 жылдың 22 наурыз күні «Наурыз – жарқын жыл басы» деген атпен Жамбыл қазақ – түрік есеп-экономикалық колледжінде мерекелік бағдарлама болды. Ата-аналармен бірлесіп ұймдастырылған мерекелік шара өте қызық өтті. Колледж ауласына әсем безендірілген жеті киіз үй тігіліп, мерекелік дастарқан жайылды. Әр сынып жеребе бойынша егемен елімізде тұрып жатқан түрлі ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрлерін, өнерін көрсетті. Ұлттық киім киген білім аулшылар мен олардың ата-аналары ән салып, би билеп, сахналық қойылымдар көрсетіп, мерекелік шараны қыздыра түсті. Наурыз мерекесі білім алушылар мен ата-аналардың бірлесе ұйымдастырған меркелік концертімен аяқталды.
Информация к новости
  • Просмотров: 1670
  • Автор: jameco
  • Дата: 23-05-2014, 06:58
23-05-2014, 06:58 Колледж қонақтары

Категория: Казахский

Колледж қонақтары
Информация к новости
  • Просмотров: 702
  • Автор: jameco
  • Дата: 23-05-2014, 06:56
23-05-2014, 06:56 Жамбыл облысы әкімі К.Н. Көкрекбаевтың ЖҚТЕЭК-нің жұмысымен танысуы

Категория: Казахский

Жамбыл облысы әкімі К.Н. Көкрекбаевтың ЖҚТЕЭК-нің жұмысымен танысуы

2014 жылдың 3 ақпаны күні Жамбыл облысы әкімі К.Н. Көкрекбаев Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің жұмысымен танысты. Облыс әкіміне оқу үрдісі, сабақ беру әдістемесі, қолданып жатқан инновациялық технологиялар, тәрбие жұмысы және колледж жетістіктері туралы айтылды. Облыс әкімі колледжде жүргізіліп жатқан жұмыстарға риза болды.

Навигация

Негізгі
Байланыс
Skype хабарласу

Байланыс

Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Пушкин көшесі 154