Информация к новости
  • Просмотров: 2008
  • Автор: jameco
  • Дата: 19-02-2015, 15:05
19-02-2015, 15:05

«Ұлттар достығы» фестивалі

Категория: Жаналыктар, Казахский

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған
«Ұлттар достығы» фестивалі

2015 жылы Елбасының ұсынысы бойынша «Қазақстан халықтары ассамблеясы жылы» деп жарияланды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді.Ұлттар мен ұлыстардың қарым – қатынастары нығайып, әр ұлттың бір-бірінің салт – дәстүріне, әдет-ғұрпына, тіліне деген құрметтері арта түсті.
Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінде 8 астам өзге ұлт өкілі білім алып келеді.Көп ұлтты білім ордасында 2015 жылдың 18 ақпанында «Ұлтар достығы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерекесіне арналған фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль колледжде оқитын қазақ, кәріс, түрік, дүнген, орыс, өзбек, татар ұлттардың тарихымен, мәдениетімен таныстыру презентациясымен ашылып, әрі қарай мерекелік концертке ұласты.
Кешке Ұйғыр ұлттық мәдени орталығының төрайымы Турдыева Мухабат Абдрахманқызы және Түрік ұлттық мәдени орталығының жастар ісі бөлімінің жетекшісі Ахметов Алихан Юсупович қонақ ретінде құттықтау сөздерін айтып жылы лебіздерін білдірді:
«Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.Татулығын жырға қосам ұлттардың,мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.Тілі бөлек болғанымен тілек бір,Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.Қазақстан бар ұлысқа шанырақ,Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр».Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман болғай.

Медиа қызмет


«Ұлттар достығы» фестивалі
«Ұлттар достығы» фестивалі
«Ұлттар достығы» фестивалі
«Ұлттар достығы» фестивалі
«Ұлттар достығы» фестивалі
«Ұлттар достығы» фестивалі
«Ұлттар достығы» фестивалі
«Ұлттар достығы» фестивалі
«Ұлттар достығы» фестивалі
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Навигация

Негізгі
Байланыс
Skype хабарласу

Байланыс

Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Пушкин көшесі 154