Ата-аналармен консилиум.
«Отбасы- тәрбиенің ұясы»
Білімгерде сапалы білім мен тәрбие болу үшін колледж және ата-ана тығыз байланыста болу қажет.Сол себептен колледжімізде өткен сенбі 14 ақпан күні 1 курс білімалушылардың ата-аналарының қатысуымен консилиум ұйымдастырылды.
Жиын барысында әр ата-ана баласының І оқу семестірінің табелімен танысты және әр пән оқытушысымен туындаған сұрақтарына толықтай жауап алып сұхбаттасты.
Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болу қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру керек. Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп, қадағалап, бағыттап, бағалап, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы тиіс.
Консилиумда кофе-брейк үстінде ата-ана мен оқытушылар әңгімелерін жалғастырды.
Медиа қызмет.