«Мәңгі өлмес жырымен із қалдырған....»
10 ақпан 2015 жылы колледжде поэзия пайғамбары ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мәңгі өлмес жырымен із қалдырған....» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқау ақын өлеңдерін насихаттау мақсатында және білім алушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын,әндерін айта отырып еліне, ұлтына деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында өткізілді.
Үш кезеңнен тұратын байқауға 1-2 курс білімалушылары қатысты.
Сайысқа қатысушылар ақын жырларын, поэмаларынан үзінділер, ақынға арнап өздері шығарған өлеңдерін жатқа оқып, Мұқағалидың өлеңдеріне жазылған әндерді тамылжыта орындап, өз өнерлерін ортаға салды.
Қызықты әрі тартысты байқау барысында қатысушылар өздерінің поэзияға деген қызығушылығын білдіріп, ақын өлеңдерін мәнеріне келтіре оқып, көрермендерді орындаған әндерімен тебірентіп, актерлық шеберліктерін танытты.Әділ-қазыларға жарыс жеңімпаздарын анықтау қиынға түсті. Нәтижесінде ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан 2С2 тобынан Көшкінбаев Ернұр бірінші орынды иеленсе, 1С2 тобынан Тұрмаханова Надира және 2Д1 тобынан Туғанбай Айтбала алғыс хатпен марапатталды. Ән орындаудан 2С2 тобының білімалушысы Сартаева Асел 1 орынға, 1С2 тобының білімалушысы Анарбек Алмас алғыс хатқа ие болды.
Ақындық талантын танытқан 2Д2, 1Д тобының білімалушылары Мырзагелді Серік пен Джанаев Ғазизбектер жүлделі орындарға ие болды.
Медиа қызметі