Жасөспірімдерді патриоттыққа тәрбиелеу – ең маңызды міндет!
«Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі-онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизм. Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі» - деп Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтып өткендей халқымыздың басты ерекшеліктерінің бірі-адам бойында ар-намысты ерте қалыптастыру, бала бойына сіңіру, елжандылыққа тәрбиелеу негізінде облыстық білім басқармасы мен қорғаныс істері жөніндегі департаменті колледждер мен мектеп -интернаттарда алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларымен озық тәжірибиелерін насихаттау мақсатында жыл бойына әр түрлі іс шараларды ұйымдастырады.
Отанның лайықты қорғаушысы болу күрделі жұмыс, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап, өзін әскери қызметке даярлауға, өзінің Отаны Қазақстан Республикасының және оның халқының алдындағы жауапкершілікті ұғынуы тиіс.
Әскери-патриоттық тәрбие жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық армия сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулиды. Жастарды қазіргі еліміздің демократиялық ұстанымдарына баули отырып тәрбиелеу оларды жан-жақты, білімді азамат ретінде өсіру мектептер мен кәсіптік білім беру мекемелерінің, сонымен бірге әскери жетекшілердің міндеті.
Жастарға Қазақстандық патриотизм идеясын таратушы оқытушылар қауымыболыптабылады.
Туған жеріне, еліне, тәуелсіз мемлекетіміздің конституциясы мен заңды сайланған президентіне адал қызмет ететін болашақ Отан қорғаушы жауынгерлерді дайындау мектеп қабырғасынан басталады. Егеменді еліміз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің кепілі оның Қарулы Күштері болса, оның тәуеліздігін қамтамасыз ететін саяси шыңдалған, шыншыл әрі батыл, қайсар да қайратты және жауапкершілігі жоғары жауынгерлерді даярлау істерінмектептер мен кәсіптік білім беру мекемелерінің әскери жетекшілеріжүзеге асырады.
Осы мақсатта егемен еліміздің тәуелсіздігін ең алғаш болып таныған Түркия мемлекетінің қолдауымен, КАТЕV халықаралық қорының ұйымдастыруымен ашылған, облысымыздың орталығында орналасқан, 22 жылдық тарихы бар – Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментініңұйымдастыруымен «Жасөспірім бойындағы патриоттық сезімді ояту және тұлғаны қалыптастыруда алғашқы әскери дайындық пәнінің рөлі» тақырыбында 2015 жылдың 30 қаңтарында облыстық әдістемелік-нұсқаулық сабақ өткізілді.
Сабаққа облыстық білім басқармасының бас маманы Н. К. Жарқынбеков, облыстық білім басқармасының әдіскері И. М. Есболов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскерден тыс даярлық бөлімшесі бастығының аға көмекшісі запастағы полковник М. М. Байжанов және облыстық білім басқармасы қарамағындағы колледждер мен мектеп- интернаттардың 36 оқытушы-ұйымдастырушысы қатысты.
«Қазақстанның қазіргі армиясы» және «Атыс негіздері» тақырыптарына өткізілген әдістемелік ашық сабақтар қатысушыларға мол серпін бергені анық.
Сабақ заманауи инновациялық технологияларды және пәнаралық байланыс әдістерінің орынды қолданылуымен ерекшеленді. Сонымен қатар жастардың патриоттық сезімдерін оятатын «Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл» атты тәрбие сабағы да қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.
Қорытындылау кезеңінде сабақтарға қатысқан қонақтар мен оқытушылар өз ойларын ортаға салып, жасөспірімдерді патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында өткізілген сабақтардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Колледж әкімшілігі