Информация к новости
  • Просмотров: 775
  • Автор: jameco
  • Дата: 19-12-2014, 11:54
19-12-2014, 11:54

Өнерлі де, сымбатты «Супер аналарымыз»!

Категория: Жаналыктар, Казахский

Өнерлі де, сымбатты «Супер аналарымыз»!

«Қазақстанның болашағы жас ұрпақтың қолында.Ал, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі заманның Қазақстандық қоғамында отбасының мәртебесін және рөлін арттыруда, жауапты ата-аналықты насихаттауда, отбасы тәрбиесінің өзекті проблемалық мәселелерін шешуде колледжіміз, оқытушылар ата-аналарға жан-жақты көмек көрсетуде.
Жуырда, 2014 жылдың 18 желтоқсанында 1 және 2 курс білім алушырының аналары арасында Супер «МАМА» КТК атты сайысы өткізілді.Сайысқа қатысқан жеті ананы қошеметпен ортаға шақырып, барлығына сәттілік тілеп,1 таныстыру бөлімі басталды:1)Искалиева Жарқын-47 жаста,2С1 тобының ата-анасы;2)Шыбықбаева Венера-40 жаста,2Д1 тобының ата-анасы;
3)Закирахунова Асия-40 жаста,1С2 тобының ата-анасы;4)Аубакирова Жадыра-36 жаста,2С2 тобының ата-анасы;5)Жаманқұлова Айсұлу-39 жаста,1С1 тобының ата-анасы;6)Сейтқазиева Роза-36 жаста,1Д тобының ата-анасы;7)Тажибаева Айсұлу-50 жаста,1А тобының ата-анасы.
Жарыс бағдарламасы 5 балдық жұйемен бағаланып, 5 бөлімнен құрылды:
1 бөлім- «Таныстыру»
2 бөлім- «Өнер көрсету»-ән,би т.б.
3 бөлім- «Сұрақ-жауп»-қазақтың салт-дәстүріне байланасты
4 бөлім- «Мода»-ретро стильнде киім үлгісін көрсету
5 бөлім- «Тағам жарысы»-салат безендіруі
Әр ата-ана отбасы туралы слайд-шоу, бейнесюжеттер дайындап, әр бөлімге жеке костюммен және орындаған әндеріне кәсіби орындау композицияларымен шықты.
Қатысушы аналардың барлығы шеберлік танытып қана қоймай, актерлық өнерімен, ән орындау,өзін сахнада ұстау әдепімен, киім үлгісін көрсете білу талантымен танылды.
Қызықты да, тартысты жарыстың әділ қорытындысы бойынша «ГранПри»-бас жүлдені және Супер «МАМА» КТК атағын - 2С2 тобының ата-анасы Аубакирова Жадыра ханым жеңіп алды.Сонымен қатар: І жүлделі орын-Жаманқұлова Айсулу, ІІ жүлделі орын-Тажибаева Айсулу, ІІІ жүлделі орын-Искалиева Жарқын ханымдар иеленіп,Шыбықбаева Венера «Парасатты» ана номинациясын; Сейтқазиева Роза- «Бесаспап» ана номинациясын және Закирахунова Асия-«Сымбатты» ана номицияларын жеңіп алды.
Осындай мерекелік іс-шаралардың арқасында ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейтіп, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттап, ата-аналарды колледжбен, оқытушысымен, басқа ата-аналарымен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру болып келеді.

Медиа қызмет

Өнерлі  де, сымбатты «Супер аналарымыз»!
Өнерлі  де, сымбатты «Супер аналарымыз»!
Өнерлі  де, сымбатты «Супер аналарымыз»!
Өнерлі  де, сымбатты «Супер аналарымыз»!
Өнерлі  де, сымбатты «Супер аналарымыз»!
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Навигация

Негізгі
Байланыс
Skype хабарласу

Байланыс

Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Пушкин көшесі 154