«Менің Қазақстаным-менің болашағым!»
«Сендер, тәуелсіз қазақ елінің білімді жастары, өз соқпақтарыңды салып, оны елді дамуға бастайтын даңғылға айналдыруға тиіссіңдер»
Елбасы Назарбаев университеті студенттері алдында сөйлеген сөзі
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
2014 жылдың 12 желтоқсанында Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған «Желтоқсан – тәуелсіздік рухы» атты мерекелік бағдарлама өткізілді.
Салтанатты кешті колледж директоры Невзат Бекар мырза құттықтау сөзімен ашып берді: -«Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. Баршаңызға дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!».
Кеш барысында білім алушылар тақырып бойынша викториналық ойын мен қатар ән айтып, би билеп,сахналық - музыкалық қойылым көрсетті.
Медиа қызмет