Мақтан ететін үздік білімгерлеріміз!
Халықаралық студенттер күніне орай 2014 ж. 18 қарашасында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастырыуымен Тараз қаласында орналасқан «Гаухартас» мейрамханасында «Студенттерді марапаттауға арналған салтанатты кеш» өткізілді.
Кешке білім-ғылым, спорт, мәдениет және өнер салаларымен қатар, облысымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері шақырылды.
Студенттік балға Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің бетке үстар үздік, озат білім алушылары қатысты. Атап айтқанда: Мамазов Умар, Әбуәлі Айніл, Ниязов Ғалымжан, Әжібек Маржан, Молдабек Үлбосын, Әкімбек Айбек.
Салтанатты кеште қатысқан әрбір білімгердің жеткен жетістіктері зерделеніп, іріктелініп, облысымыздың 300 білімгер арасынан колледжімізден жастар саясатының жүзеге асырулуына үдес қосу мақсатында жастық жігерін қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысуға арнап, көшбасшылық қабілеті арқылы талапты еңбектің студенттік үлгісін көрсеткені үшін: Молдабек Үлбосын Тараз қаласының әкімі Н.Календеровтің Дипломымен және Әбуәлі Айніл Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Құралбаевтың Алғыс хатымен, ноутбукпен марапатталды.
Студенттік балға Республикамыздың белгілі әншілері – Нурлан Албан және «Орда» тобы қатысып, білімгерлерге жылы лебіздерін білдірді.
Медиа қызметі