Біздің жеңімпаз ата-ананаларымыз!
«Денсаулық-зор байлық, адам бақытының бастауы»
2014 жылдың 8-9 қараша күні Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай қазақ-түрік оқу орындарының ата-аналары арасында ұйымдастырылған Оңтүстік аймақтық спартакидасы өткізілді.
Спартакиадаға Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің директоры Невзат Бекар мырза бастаған 15 ата-ана қатысты.
Жарыс Қызылорда қаласы №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында өтті. Спартакиадаға Тараз, Шымкент, Кентау қалаларынан үкілі үміттерін арқалап келген қонақтарды, лицейдің әкімшілігі жылы қарсы алды.Салтанатты ашылу рәсімінен кейін воллейбол, теннис және шахмат спорт секцияларға қатысушы ата-аналар бөлініп, қызықты ойын жарыстары басталып кетті. Тартысты да қызықты ойын нәтижесінде қарсыластарына дес бермей, қайсарлық танытып, біздің ата-аналар волейбол командасы «Қайсар команда» номинацисын жеңіп алды. Ал, шахмат бойынша, бізідің ата-ана Оспанов Кенжебек, тез арада басымдыққа ие болып, батыл жеңіске жетті. Нәтижесінде шахматтан «Алтын» Кубок пен І орын алып жарыс Чемпионы атанды.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген спартакиаданың маңызы өте биік және де бұл мерекеге біздің ата-аналарымыз белсенді қатысып отыр. Жарысқа келіп қатысқанымызға қуаныштымыз, ата-аналарымыз риза, өйткені ата-аналардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтуға, тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріліп отыр, Қызылорда қаласының дарынды балаларға арналған облыстық интернет - лицейінің қонақжайлылығы бізді қуантты,барлық жағдайымыз жасалды»,- деп Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің директоры Невзат Бекар мырза алғысын білдірді..
Осындай іс-шаралардың өткізілуі казіргі кезде –жас ұрпақтың салауатты өмір сүруіне, олардың денсаулығын сақтауға маңызды үлес қосып, салауатты өмір сүру мәдениетін тәрбиелейді.
Медиа қызмет