Баланың бас ұстазы ата-ана!
«Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды». Ы.Алтынсарин
Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, оқу орны мен қоғам және жұртшылық тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асыуы тиіс.Өйткені, отбасына оқу орны тарапынан ата-анамен тығыз байланысу қажет.
2014 жылдың 8 қарашасында ата-ана мен колледж арасында байланысты нығайту мақсатында Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжі ата-аналар консилиумын өткізді. Жиналыс алдында сынып жетекшілер әрбір баланың ата-анасымен кездесіп білім алушының мінез-құлқын, бейімділігін, сынып ішіндегі оқушылармен қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын және сол жанұяға тән қажетті нәрселерін ескере отырып әнгіме ретінде таныстырды..
Консилиум колледждің үлкен акт залында өткізілді. Жиналыс барысында: колледж ережелері, бітіруші түлектердің мемлекеттік емтихандары (НОК), өндірістік практика, кешенді тестілеу туралы толығымен түсіндірілді.Колледж әкімшілігі сонымен қатар білім алушылардың көптеген сүранысы бойынша қосымша білім ретінде: көлік жүргізу курстары, AELTS, SET, SAT, YOS бағдарламалары бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін алынатын сертификаттар, 1С-бухгалтерия бағдарламасын оқыту курстары жүргізілетіндігі туралы мәлімдеді.
Сонымен қатар бала тәрбиесі ұласатын асыл құндылықтар үлкендердің әңгіме желісінен, іс-қимылынан танылып, сезім жіптері арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған.Сондықтан баланың жетістікке жетер жолда ата-ананың орны ерекше.Ол үшін ата-ана баласы мен бос уақытын бірге өткізу қажет; тындай білу; марапаттау; маңызды күні бірге болу; баланы емес, қылығын сынау; жеке өмірін сыйлау; жаман әдеттерден алшақтау керектігі туралы лекция-презентация ретінде көрсетілді.
А.С.Макаренко айтқандай «Ата-анаға арналған кітабында».. «Бала тәрбиесінде сіздің іс-қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады.Отбасында орныққан қарым –қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады.Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді» деген. Осы мақсатпен колледж ата-аналары арасында волейбол, футбол, теннис,шахмат спорт түрлері бойынша спартакиада өткізіліп 2014 жылдың 8-9 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай қазақ-түрік оқу орындарының ата-аналары арасында ұйымдастырылған Оңтүстік аймақтық спартакиадада шахмат сайысы бойынша Оспанов Кенжебек ата-анамыз І орын жеңіп алып, ал волейболшы ата-аналарымыз «Қайсар команда» номинациясын жеңіп алды.
Жиналыс аяғында колледждің 2014 жылдың материалдық – техникалық базасының жаңалықтары: жаңа ашық спорт алаңы; толық жабықталған физика, химия кабинеттері; барлық сыныптардың интерактивті тақта мен жабықталуы; жатақхана мен оқу корпусының жылу жүйелерінің күрделі жөндеу жұмыстары жасалғаны туралы айтылды.
Жиналыс ата-аналар әр пән оқытушыларына туындаған сұрақтарына толық жауыбын алып, өткізілген жиналыс туралы жақсы ой-пікірлерін айтып аяқталды.
Медиа-қызметі.