Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің білім алушылараның жеңген тағы бір шың!
Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы және Қазақстан баспагерлері, полиграфистері мен кітап таратушылар қауымдастығы ұйымдастырған «AlmatyBookExpo-2014» кітап -көрме жәрменкесіне Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің командасы қатысып төрт номинация бойынша Диплом иегері атанып келді.
Халықаралық көрме-жәрменке іскер және шығармашылық байланыстарға арналған кәсіби алаң. Авторлар мен оқырмандардың байланысына, әдеби және гуманитарлық байланыстардың дамуына қызмет етеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасында жобаны жүзеге асырудың үш басым бағытын айқындап берген болатын. Соның бірі-жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. Ал біздің маңызды рухани құндылықтарымызға, әртүрлі сала бойынша білім нәрімен сусындататын кітаптарымыз жатады. Сондықтан интеллектуалды ұлт қалыптастыру ісінде кітап оқуға сүйіспеншілікті арттыру, төл оқулықтарымыз бен оқу құралдарымызды басып шығарып, оның оқырман талабынан шығуы авторларымыздың , баспа саласындағы мамандардың алдында тұрған үлкен міндет.
Көрме кітап ісінің ағымдағы мәселелерін сала мамандары және шетелдерден келген қонақтар арасында талқылауға кеңінен мүмкіндік береді. Іскер және мәдени ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашып, кітап нарығында сенімді жол сілтеуыш болады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – дың 80 жылдығына арналған Халықаралық кітап көрме – жәрменкесі 29-30 мамыр 2014 жылы Алматы қаласында өтті.Жәрменкеге Турқия, Иран, Китай, Россия, Якутия, Киргизия және 40 астам еліміздің ең ірі баспалары қатысты.
Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің командасын экономика пәнінің оқытушысы, жас ғалым, топ жетекшісі- Нуржігітова Алия білім алушыларымен жасаған «Техникалық жабдықтау және еңбекті қорғау» оқу құралымен таныстырды.
Авторлары:Айтқұлова Г.А. ,Амангельды М.Р., Амангелді М.Б., Алимжанова Е.Т., Дамир Д.Б., Жақсымбет Д.Б., Икрамханов Е.А., Кенжетаева Ж.Б. ,Кұмарова А.А.,Мамазов У. М.,Молдабек Ұ.К., Набиев М.А.Оспаналы Г.Н.,Рассохин А.О.,Садыр М.С.,Сарбасова А.А.,Сейткулов А.А.,Сельви Р.Е.,Тұрғынбай Ғ.А.,Уалиева Ғ.Қ.,Укашаева Ә.Қ.,Шотова Д.Ж., Шындалиев Ғ.Б.- 2 курс «Маркетинг» факультетінің білім алушылары.
Қатаң іріктеуден өтіп колледж командасы төрт Диплом иегері атанды номинациялар бойынша: 1) «Үздік ғылыми-танымдық басылым» номинациясы бойынша «Техникалық жабдықтау және еңбекті қорғау» кітабы үшін; 2)Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжі көрме – жәрменкесіне белсенді қатысқаны үшін; 3) «Ең жас авторлар» номинациясы; 4) «Ең креативті басылым» номинациясы. Ең үлкен жеңіс, осымен қатар «Бастау» баспасы, «Атамура», «Lem» баспалары кітапқа сүраныс жасап басылымға ұсыныс берді. Бұл колледждің үлкен жеңісі болып саналады.