«Ата-анамен бала қарым-қатынасы»
Ағымдағы жылдың 1 қазанында колледжімізде ата-аналар жиналысы өткізілді.300 - ге жүық ата-ана қатысқан жиында жазда атқарған жөндеу жұмыстары туралы слайд көрсетіліп, ата-аналар жұмыс нәтижесімен таныстырылды және де Edupage бағдарламасын қолдануы, өз баласының алған бағасын біліп оқу үлгерімін қадағалап отыру мүмкіндігі туралы толық мағлумат алып өз ризашылықтарын білдірді.
Оқытушы Есенбеков Бағдат ағайдың «Ата-анамен бала қарымқатынасы» атты ойын-тренингі ата-аналардың көңілінен шықты.
Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, оқу орны мен қоғам және жұртшылық тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асыуы тиіс.Өйткені, отбасына оқу орны тарапынан ата-анамен тығыз байланысу қажет.
Медиа қызмет


