«Білімді ел-Мәңгі ел!»
жылдың 1 қыркүйегі колледжімізде «Білімді ел-Мәңгі ел!» атты салтанатты жиынымен басталды. Мерекелік іс-шараны колледж директоры Невзат Бекар мырза құттықтау сөзімен ашты.
-«Құрметті оқытушылар, ата-аналар, білімгерлер!Сіздерді 1 қыркүйек білім күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Бұл – біздің ізгі уақытымыздың және барлық ұлы жетістіктеріміздің мерекесі.Осыдан 25 жыл бурын Қазақстан Президенті Нурсултан Назарбаевтың Жарлығымен 40 жыл бойы ядролық сынақтар жүргізілген Семей полигоны жабылды.Бұл тәуелсіздіктің теңдесіз жеңісі.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы еліміз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ.
Бугін бірінші курс білім алушылары колледжімізде жаңа оқу жылын бастайн деп отыр. Сіздерді мақтан тұтып жүрген білімгерлеріміздің қатарынан көремін деп сенемін.Оқу үдерісінде табыстарға жетіп, білім алу жолында сәттілік тілеймін»- деген жалынды сөздерімен колледж директоры жаңа оқу жылының шымылдығын ашып берді.
-2017 жаңа оқу жылы тәрбие сағаттарымен жалғасты.
Медиа қызмет




