«Болашақ менен басталады»
Колледжде білім алушылардың өзін өзі басқару «Аңсар» ұйымымен ұйымдастырылған «Болашақ менен басталады» атты фотосушка акциясы өткізілді.
Акцияға барлық топ білімгерлері қатысты.Фотосушка көрмесіне білім алушылар биылғы оқу жылында өткізілген іс-шаралардың, өздерінің өнер көрсеткен, жыл бойы атқарған жұмыстарының, білім алуда жеткен жетістіктерінің фотосуреттерін ілді.
Жастық - ол ізденістің бастауы, осы жаста ғана адам өзінің күшіне сеніп, тауды да қопарып тастайтындай болып көрінеді, барлық істе-спортта, оқуда,бизнесте болсын көшбасшылық тианытады.
Бугінгі жетістіктеріңіз - ертеңгі еліміздің дамуы мен өркендеуіне тікелей байланысты, сондықтан да әрі білімді, бәсекеге қабілетті, жүректеріңде жалыны, бойларыңда күші бар, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп» жалынды жастар болыңдар!
Медиа қызмет






