Мұғалімнің кәсіби шеберлігі-білім сапасының кепілі.
Білімді ұрпақ – тәуелсіз еліміздің тірегі.Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры турады, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс істейді. Сол жас бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай ізденісте болу үшін заман талабына лайық жаңа білім, жаңа тәрбие керек. Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табусыдағы қасиетімен асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтік мәртебесін биік ұстай алады. Қазіргі қоғамда қажетті осындай ұстаздар.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі»-деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай: колледжіміздің оқытушылары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» үйымдастырған - «Білім берудегі инновация және тәжірибе: уақыт талабы» тақырыбындағы Екінші Республикалық Педагогикалық оқулардың облыстық кезеңінде жүлделі орындарға ие болып, оқу ордамыздың абыройын асқақтатты.Педагогикалық оқуларға қатысқан колледж оқытушылары өз жұмыстарында білім ғасырындағы білім берудің жаңа жүйесінің білім мазмұнын, оқыту жүйе құрылымын, педагогикалық технологиялар мәселелерін шешуге бағытталған шығармашылық жұмыстарымен ерекшеленіп, нәтижесінде: Абеева Маржан І орын, Қуандықова Нурипа және Узынгазиева Айгерім ІІ орын және Тоқтар Нұргул ІІІ орындарға ие болып, Республикалық Педагогикалық оқуларға жолдама алды.
Ендеше құрметті оқытушылар, еңбектеріңізге сәттілік, республикалық сайыста шығармашылық табыстар тілейміз!
Медиа қызмет.
