«Отбасы – тәрбие бастауы»
Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесіп облыстық «Отбасы-тәрбие бастауы» атты семинарды колледж базасында өткізді.
Семинарға облыстың техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің тәрбие жөніндегі орынбасарлары қатысты. Бағдарламаны облыстың білім басқарма басшысының орынбасары Д.Ш.Ускумбаева кіріспе сөзімен ашты.
«Қыздар арасындағы ұлттық тәрбие негіздері» туралы ТИГУ-дің «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Т.Сарыбекова «Қыздарға тәрбие берудің бүгінгі жағдайы» туралы өз докладында толық түсініктеме берді.
Облыстық жиинның бағдарламасы бойынша төмендегі баяндамашылар сөз сөйледі: «Өскелең үрпақты тәрбиелеудегі оқу орнының ролі» Н.Ж.Әбдікеримова- «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының өзін-өзі тану пәнінің аға оқытушысы; «Дәстүрлі діндегі отбасы құндылықтары» - Б.Е.Сыздықбаев облыстық дін істері басқармасының бас маманы; «Репродуктивті денсаулық»- С.Б.Әбдібекова-облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігер валеологі; «Ата-ана, колледж және мен»-Г.Н. Рахымбердиева облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің әдіскері; «Жеткіншек тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы» Д.М.Әділбаев ЖҚТЕЭК жастар ісі жөніндегі жетекшісі.
Жалпы семинар өз деңгейінде өте жақсы өтті деп жиинға қатысушылар өз ризашылықтарын білдірді.








