Тәрбиеші – менің досым, менің ағам, менің сырласым.....
Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры білім алушыға деген құрмет сезімінде жатыр.
(Ралф Уолдо Эмерсон)
Тәрбиеші болу үшін адамның жан дүниелік қасиеттері пәктік, ізгілік, әдеттілік сияқты сөздермен байланысты сипатталуы қажет.А.Макаренко
Колледж білімгерлері 2015 жылдың 19 қарашасында тәрбиешілеріне мерекелері қарсаңында салтанатты концерттік бағдарлама дайындап құттықтады.
Мерекелік кешті колледж директоры Невзат Бекар мырза құттықтау сөзімен ашып, колледж ұжымына, ата-аналарға, білімгерлерге жұмыста, оқуда тек қана сәттілік тіледі.
Кеш барысында білімгерлер әзіл КВН қойылымдарын, ойын, әндер, биін орындап, шын көңілмен бір ай бойы дайындаған концерттік бағдарламасы тәрбиеші әпке, ағайларының көңілінен шықты.
Медиа қызмет








