Информация к новости
  • Просмотров: 505
  • Автор: jameco
  • Дата: 19-11-2015, 13:42
19-11-2015, 13:42

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Категория: Жаналыктар, Казахский

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

«Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты».
Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі-баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің «Аялы алақан» қайырымдылық департаментінің еріктілері ізгілік және қайырымдылық мақсатында концерттік бағдарламамен Тарақ. қаласының №1 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне барып өнерлерін көрсетіп қайтты.
Колледж білім алушылары ән айтып, өлең оқып, әзіл көріністерін көрсетіп қоймай, аталарымен әжелерімен бірге би билеп жастық шақтарын естеріне түсіріп, көңілдерін көтерді.Мерекелік бағдарлама соңында білімгерлер қарттарға гүл сыйлап, естелікке сүретке түсті.
Интернат үйінің әкімшілігі қайырымдылық бағдарлама ұйымдастырғандары үшін «Аялы алақан» департаментінің еріктілерін «Алғыс хатпен» марапаттап жылы лебіздерін білдірді.
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілдік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі-баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шырғаумауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Медиа қызмет
Қарттарын қадірлеген ел ардақтыҚарттарын қадірлеген ел ардақты
Қарттарын қадірлеген ел ардақтыҚарттарын қадірлеген ел ардақтыҚарттарын қадірлеген ел ардақтыҚарттарын қадірлеген ел ардақтыҚарттарын қадірлеген ел ардақтыҚарттарын қадірлеген ел ардақтыҚарттарын қадірлеген ел ардақтыҚарттарын қадірлеген ел ардақтыҚарттарын қадірлеген ел ардақтыҚарттарын қадірлеген ел ардақты
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Навигация

Негізгі
Байланыс
Skype хабарласу

Байланыс

Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Пушкин көшесі 154