Құқық бұзушылықтың алдын – алу-басты міндет
Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі - құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты.
2015 жылдың 5 қарашасында Тараз қаласының прокуроры Телеу Бағлан Балтабайұлының қатысуымен «Жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары» атты Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің жастарымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қала прокуроры Бағлан Балтабайұлы Конституцияның мазмұнымен әрі ондағы құқықтық ұғымдарды таныстырудан, түсіндіруден бастады.Ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек, адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу қазіргі тәрбие жұмысының негізгі мақсаты.Жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аз, оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам қалыртастыру керек деп жиынды білім алушылардың сұрақтарына жауап беріп аяқтады.
Медиа қызмет




