Информация к новости
  • Просмотров: 446
  • Автор: jameco
  • Дата: 30-10-2015, 06:54
30-10-2015, 06:54

Колледж жастары облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысымен кездесті.

Категория: Жаналыктар, Казахский

Колледж жастары облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысымен кездесті.

2015 жылдың 28 қазан күні Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің жастары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының мекеме басшысы С.С. Құрманбековамен кездесті.
Колледж директоры Невзат Бекар облыстық білім басқармасының басшысын таныстырып,С.С.Құрманбековаға сөз берді:
-«Жастар мемлекеттің тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері.Қазақстанда жастар жалпы халықтың 30 пайызын құрайды.Жастар саясаты заңы бойынша жастар14-29 жас аралығын қамтиды.Естеріңізде болса биылғы жылғы Жолдауында Елбасы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаттың жүргізілетінін мәлімдеді және жалпыұлттық идеясын - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға бастама берді және үш мәселені айырықша атап айтты: денсаулық, білім, ауыл шаруашылығын дамыту. Осы салаларға миллиардтаған қаржы бөлді. Елбасының шешімі бойынша 2015 жыл қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту - бұл жай той емес, ол-қазақ жастарының, қазақ халқының, барлық қазақстандықтардың жаңа патриотизмін қалыптастыру».
Кездесу барысында С.С.Құрманбекова Қазақстан Республикасының БҰҰ Бас Асссамблеясының мерейтойлық 70-ші сессиясы алаңдарында қазақстан делегациясы бір-қатар екі жақты іс-шаралар өткізгені туралы; облысымыздың халықаралық, республикалық деңгейлерінде білім саласы бойынша олимпиада жетістіктері жайлы және «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес халықтық реформа», «Ұлт жоспары -100 нақты қадам .Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» оның ішінде (-77-қадам. Экономиканың алты негізгі саласы үшін ОН АЛДЫНҒЫ ҚАТАРЛЫ КОЛЛЕДЖ БЕН ОН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату) туралы түсіндірді.
Кеш соңында С.С.Құрманбекова білім алушылардың сұрақтарына жауап беріп, колледж белсенді жастарымен суретке түсті.
Медиа қызмет
Колледж жастары облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысымен кездесті.
Колледж жастары облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысымен кездесті.

Колледж жастары облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысымен кездесті.
Колледж жастары облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысымен кездесті.
Колледж жастары облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысымен кездесті.
Колледж жастары облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысымен кездесті.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Навигация

Негізгі
Байланыс
Skype хабарласу

Байланыс

Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Пушкин көшесі 154