Информация к новости
  • Просмотров: 440
  • Автор: jameco
  • Дата: 25-09-2015, 09:55
25-09-2015, 09:55

«Тіл- тұнық ойдың кәусары»

Категория: Жаналыктар, Казахский

«Тіл- тұнық ойдың кәусары»

Тіл қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл-әрбір елдің жаны.
Осыдан тура 26 жыл бұрын -1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі - ұлтаралық тілі деп бекітілген.Содан бері 22 қыркүйек еліміздің елеулі мерекелерінің бірі болып саналып келеді-Қазақстан Республикасы Халықтарының тілдері күні.
Мереке аясында Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 21-22 қыркүйек күндері 16-22 жас аралығында қабілетті жастарды анықтау мақсатында ұйымдастырған «Тіл-тұнық ойдың кәусары» облыстық олимпиадасында колледжіміздің 3С2 тобының білім алушысы Бақытжанов Алмазхан жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметттеу, үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау мақсатында өткізілген олимпиадада, Алмазханның жүлделі орынға ие болғаны, колледжіміздің мерейінің үстем болғанының тағы да бір дәлелі. Жарайсын Алмазхан! Құттықтаймыз!

Медиа қызмет


«Тіл- тұнық ойдың кәусары»

«Тіл- тұнық ойдың кәусары»«Тіл- тұнық ойдың кәусары»
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Навигация

Негізгі
Байланыс
Skype хабарласу

Байланыс

Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Пушкин көшесі 154