Жаңа оқу жылына жаңа жеңістермен!
Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің 1 қыркүйек білім күні салтанатты жиынмен ашылып, колледж директоры Невзат Бекар мырза білім алушыларды, колледж ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтап, алдағы уақытта тек қана жаңа жеңістер тіледі.
Биыл колледжімізге 400 талапкер арасынан мемлекеттік бюджет есебінен 75 білімгер грантқа иеленсе,30 білім алушы ақылы негізінде қабылданып 4 жаңа оқу тобы қосылды.
Жиын барысында сыныптардың кураторлары мен тәрбиешілері таныстырылып, әрі қарай «Менім Отаным-Қазақстан» атты бейбітшілік сабағымен жалғасты.
Медиа қызмет