Информация к новости
  • Просмотров: 420
  • Автор: jameco
  • Дата: 6-05-2015, 13:05
6-05-2015, 13:05

«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!»

Категория: Жаналыктар, Казахский

«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!»

Биыл –Ұлы Отан соғысының басталғанына 70 жыл: қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы табандылықтары ешқашан да ұмытылмайды!

Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінде 5 мамыр күні Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!» атты мерекелік бағдарлама өткізілді.
Концерттік іс-шара - жер бетінде жеңіс туын желбіреткен ата-бабаларымызды бір сәт үнсіздікпен еске алу рәсімімен ашылды.
Осыдан 70 жыл бұрын фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды.Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен.Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды.Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды.
Бағдарлама барысында тарихи деректер мен қатар алапат соғыс туралы бейнефильмдер көрсетіліп, білім алушылар ән, би, театрланған көріністерін көрермендерге ұсынды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес әскерлері 1418 күн мен түн бойына шайқасып, жеңіске қол жеткізіпті.Үлкен қиындықпен, қанмен келген ұлы күннің қаһармандарын қанша дәріптесек те артық емес.

Медиа қызмет


«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!»
«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!»
«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!»
«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!»
«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!»
«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!»
«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!»
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Навигация

Негізгі
Байланыс
Skype хабарласу

Байланыс

Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Пушкин көшесі 154