Тәуелсіздік – ел тірегі
Қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – алдымен халқымыздың бақыты.Елімізде бейбітшілік болуы халқымыздың өжеттілігі, батылдығы . Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезімін енгізуге ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі шуақты күндерді бағалай біліп, жаңа белестерге ұмтылу – біздің ұрпақтың бағыты.
Медиа қызмет