08.07.2020
19:44
                                                  
+7 707 379 73 01                Тараз қ., Пушкин көшесі, 154
                   
31 Мамыр 2020
41

Колледжде, Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күніне орай, отансүйгіштік, адамгершілік тәрбиесі арқылы ел рәміздерінің мемлекеттік мәртебесін арттырып, қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында «Рәміздер-елдігімнің белгісі» атты онлайн тәрбие сағаты өткізілді.

Рәміздер-елдігімнің белгісі. «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

«Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт - санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Білімгерлер мемлекеттік рәміздер тарихы туралы слайдттарымен таныстырып, «Отан» жайлы мақал - мәтелдер айтып жарысты:
 «Отан отбасынан басталады», « Отан үшін отқа түс, күймейсің»,
« Отан - елдің анасы, Ел - ердің анасы», «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас», «Отанды сүю - отбасынан басталады», «Отан оттан да ыстық», «Отансыз адам -  ормансыз бұлбұл», « Отан үшін күрес Ерге тиген үлес», « Ел іші - алтын бесік», «Тіл - тәуелсіздік тірегі», «Отан – жерім, Отан – суым», «Отан қуат, нәр береді», «Отан - ұран, Отан – туым».
Отан мәңгі гүлденеді - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Медиа қызмет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location