08.07.2020
19:24
                                                  
+7 707 379 73 01                Тараз қ., Пушкин көшесі, 154
                   
23 Мамыр 2020
48

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, колледжде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді  отбасылық көрініс байқауы өткізілді.

М.Әуезовтің «Абай жолы» романы арқылы Абай бейнесі көркем образ ретінде әлем әдебиетінде жоғары бағаланды. Ол Абайды әрі ақын, әрі қайраткер, әрі ойшыл ретінде, қай қырынан болсын, ұрпаққа үлгі бейнесін  жақын бейнеледі.

«Ақпараттық жұйелер» мамандығы бойынша 1Ғ тобының білімгерлері арасында «Абай жолынан» отбасылық көрініс байқауы өткізіліп, ата-аналар белсенділік танытып, үлкен қызығушылықпен  қатысты.

Айтыев Диас, Болат Мұхамедәділхан, Бекұзақов Даурен, Октябриев Марлен -нің  отбасылары -«Барлас ақынның Абайға берген батасы», «Әкесінің Абайға айтқан сыны» атты  үзінділер қойылымын түсірді. Іс-шара  қорытындысы бойынша барлық қатысқан  ата-ана жеңімпаз атанды.

Абай – әлемдік деңгейдегі ойшыл­дардың қатарындағы ғажайып тұлға. Оның қара сөздері – әлем халық­­тарының ортақ қазынасы. Абай өзінің қара сөздерінде адамзат баласына ортақ мұраларды дәріптей отырып, рухани биікке құлаш сермеп, алысқа қанат қаққанын көрсетеді.

Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық.

Медиа қызмет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location