«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы бойынша, туған өлкені дамту,жастарда шынайы патриотизмді тәрбиелеу мақсатында колледжде «Тараз жері-тұнған тарих» атты бейнебағдарлама өткізілді.
Колледжің «Өзін-өзі басқару «Саналы ұрпақ» ұйымының «ІТ» клубының шығармашылық студиясының «Парасатты тұлғамен» кезекті сұхбатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары-Төлебаев Равиль Қуанышбайұлы қонақ болды.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – алдымен халқымыздың бақыты.Елімізде бейбітшілік болуы халқымыздың өжеттілігі, батылдығы . Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезімін енгізуге ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі шуақты күндерді бағалай біліп, жаңа белестерге ұмтылу – біздің ұрпақтың бағыты.
Медиа қызмет
17 Желтоқсан 2020
36
«Өзін –өзі басқару «Саналы ұрпақ » ұйымының білімгерлері колледждің әлеуметтік желісінде апта сайын шығатын «Жаңа тыныс» атты бейне айдарын шығарды.