Колледжіміздің жаңа бейнеролигі

""Жас көшбасшылар-2017" құрылтайы"


Назарбаев университеті. "Білім Инновация" ХҚҚ ұйымдастыруымен "Жас көшбасшылар-2017" құрылтайы өтті. Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің президенті Муратбаев Каныбек Жарылқасынұлы құрылтайға қатысып, Қ.Р. Білім және Ғылым министрі- Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының қолынан марапатталды. Көшбасшылар форумы жеткіншектер мен мемлекеттік қызмет өкілдері арасындағы алтын көпірге айналуды көздейді. Озат оқушылардың тың жобасы қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Олар өз замандастарына ағылшын тілін меңгерудің оңай тәсілдерін үйретпек.

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы


Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады. 12 ші қазан күні елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа мақаласы жарық көрді.Мақаланың қамтыған басты мәселелері әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың «Бәсекелестікке қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «сананың ашықтығы» бағыттарын және 2025 жылы Латын әліпбиіне көшу мәселесі колледж білімгерлерімен талқыланды.

Волейболдан Республикалық жарыстың чемпиондары


“Білім-инновациялық” халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Білім-инновация ” лицей оқушылары арасындағы Республикалық волейбол турнирі кезінде Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің білімгерлері тамаша ойын өрнегімен көрермендерді тәнті етіп, І-орынды иеленді. Команда құрамында: Парахат Қанат, Қадірқұлов Бауыржан, Рысбай Сұлтан, Беркінбай Мейірлан, Әбішев Нұрлыхан, Дүйсен Бекнұн, Ердалиев Еділ, Серікхан Әділет, Мұталған Рахат.

Тәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығым

Қазақстан Респубикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің ұйымдастыруымен 25-желтоқсан күні сағат 9:00 «Колледж директоры кубогі» үшін «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты студенттер арасында облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Турнир мақсаты-жастарды қоғамдағы өзекті мәселелерді қарастыруға,пікір алмасуға шақыру,облысымыздағы пікірсайыс қозғалысын дамыту.Жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін арттыру,рухани-адамгершілік қасиеті қалыптасқан,өзін-өзі жетілдіре алатын тұлғаны тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын


2016 жылдың 15 желтоқсанында Астана қаласының «Тәуелсіздік сарайында» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық салтанатты жиын өтті.Аталған іс-шара Астана қаласының уақытымен сағат 11.00-ден бастап «Қазақстан», «Хабар», «Хабар-24» республикалық орталық телеарналарда «Тәуелсіздік сарайынан» тікелей эфирден Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің ұжымы мен білімгерлері бірге тамашалады.
Артқа Алға

Навигация

Негізгі
Байланыс
Skype хабарласу

Байланыс

Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Пушкин көшесі 154

телефон: 8/7262/ 43-07-11

факс: 8/7262/ 43-07-13

e-mail: katevktl19@gmail.com